Бокстан Бекзат Саттархановты еске алу турнирі басталды
Түркістанда Сидней олипиадасының жеңімпазы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған 23-Халықаралық турнир басталды. Жастар арасындағы бокс бәсекесіне бірнеше елден және Қазақстанның барлық аймағынан 300-ге жуық былғары қолғап шеберлері қатысуда. Биылғы додада ұлдар 13, қыздар 6 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтайды. IBA талаптарына сай жарыс жеңімпаздарына спорт шебері атағы беріледі. Бокс бәсекесінің жеңімпаздары 4-сәуір күні анықталады.
Ермахан Ибрагимов, Сидней олимпиадасының чемпионы:
Бекзат Саттархановты еске алуға арналған турнир халықаралық бокс деңгейінде өте биік дәрежеге жетті. Үздіксіз өтіп келе жатыр. Сондықтан да бұл турнирде жеңген боксшы ол әлем чемпионатында медаль ала алады деген сөз. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері деген атақ беріп жатса да артық болмас еді деп ойлаймын.
Мирас Түкенов, жарысқа қатысушы:
Бірінші жекпе-жегім ауыр болады. Рингті сезінемін. Қарсыласым Жетісудың баласы, жақсы бокстасады. Бұрын да жарыстарға шығып жүрген боксшы. Менің арманым Бекзат ағамыз сияқты олимпиада ойындарының жеңімпазы болу.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл елімізде алғаш рет қазақы тазы күні аталып өтті
06.09.2026, 20:00
Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау туралы заң: Неге мән беру керек?
06.09.2026, 19:51
ШЫҰ: Президент Бірыңғай транзиттік цифрлық платформа құру бастамасын көтерді
06.09.2026, 19:47
65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексерістен қалай өтеді?
06.09.2026, 18:44
Үкімет Ұлттық қордан қанша қаржы алуды жоспарлап отыр?
06.09.2026, 18:37
Білімін ел игілігіне арнаған қазақстандық ғалымдар
06.09.2026, 18:29
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09