Биыл 7 креативті индустрия орталығы ашылады
Биыл елімізде 7 креатив индустария орталығы ашылады. Қазір мұндай 13 нысан бар. Оның бірі Қосшы қаласында. Бүгін сол орталықта қолөнер шеберлерін толғандырған мәселелер кеңінен талқыланды. Жиынға бірнеше министрліктің өкілдері мен Мәжіліс депутаттары қатысып, өнер иелерінің өзекті түйткілдерін тыңдады. Оған негіз де жоқ емес. Себебі қазір креативті индустрияға қатысты заң жобасы Мәжіліс қабырғасында қаралып жатыр. Қолөнершілерге қолдау аз. Олардың өнімін сөреге шығарып, сұранысты арттыру маңызды. Сондықтан осы бағытта тың тетіктер зерделеніп жатыр дейді депутаттар.
Ажар Сағындықова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Біз көтеріп жатқан тақырыптың бірі бұл - креатив индустрия туралы заң. Бұл біз үшін жаңа бағыт, сондықтан жұмыс тобының өзінде талқы өте қызу әрі пікір де алуан түрлі. Негізгі мақсат - қолөнер шеберлеріне барынша қолдау көрсетіп, олардың өнері мен кәсібінің дамуына жағдай жасау.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17