Бельгиядағы ереуілдің кесірінен әуе рейстері тоқтады
Бельгияда мемлекеттік қызметкерлер үкіметтің қатаң үнемдеу шараларына қарсы жалпыұлттық ереуіл ұйымдастырды. Мұғалімдер жұмысқа шықпай, наразылық акциясына қатысқандықтан, бүгін бірқатар мектепте сабақ болмады. Ауруханаларда жоспарлы операциялар кейінге шегерілген. Елдің Завентем, Шарлеруа әуежайларынан бүгін ұшуы тиіс барлық рейс тоқтатылған. Қоғамдық көлік қозғалысы қиындап, қалааралық және Франция мен Нидерландқа қатынайтын халықаралық пойыздар да жолға шықпады. Бүгінгі бір күндік ереуілдің кесірінен туризм саласы 5,5 млн еуро жоғалтқан. «Экономикаға шығын келтіру арқылы ғана биліктегілердің назарын аудара аламыз», - дейді қызметкерлер.
Макауи Номбоджу, қызметші:
Біз сияқты тазалық, өрт сөндіру саласында, ауыр қызметте істейтіндерді зейнетке 60-тан кейін шығармақ. Ауыр затты көтеріп, баспалдақпен жоғарғы қабатқа қалай шығамыз, сұмдық қой.
Абделаним Симаник, кәсіподақ ұйымының өкілі:
Зейнетақы реформасы, науқастардың жұмысқа оралу тәртібі - бәрі жұмысшы үшін тиімсіз болмақ. Үкімет әлеуметтік жәрдемақыны азайтады. Бұған жол беруге болмайды. Алдағы уақытта жұмысты тоқтатып, ереуілді күшейтеміз.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17