Словения Президенті Қазақстанға ресми сапармен келді
Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Қазақстанға ресми сапармен келді. Қасым-Жомарт Тоқаев қадірлі мейманды Ақордада салтанатты түрде қарсы алды. Словенияның Қазақстан экономикасына салған тікелей инвестициясының көлемі 200 миллион долларға жуықтады. Еліміздегі фармацевтика, машина жасау, телекоммуникация және жаңартылатын энергия көздері салаларында Словения капиталының үлесі бар 19 компания кәсібін табысты жүргізіп келеді. Сапар барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Словениямен тығыз ынтымақтастық құруға ниеттіміз. Бұл – анық. Президент ретінде өзара мүддемізге сай келетін барлық саладағы байланысты нығайтуға күш-жігерімді саламын. Біз Словенияны Қазақстанның Балқан түбегіндегі негізгі және өте маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастырамыз. Сіздің елдің бизнес өкілдеріне және үкіметіңізге бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз.
Наташа Пирц-Мусар, Словения президенті:
Дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 33 жыл ішінде екі ел арасында бірде-бір шешілмеген мәселе болған емес. Мұның экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, өркендетуге мол мүмкіндік беретінін дұрыс атап өттіңіз. Сондықтан өзіммен бірге бизнес өкілдерінің үлкен делегациясын алып келдім. Олар қазақстандық әріптестермен бірге серіктестікті ілгерілетуге қатысты бағыттарды талқылап жатыр. Экономикалық ықпалдастығымыз артып келеді. Дегенмен бұдан да зор жетістіктерге жетеміз деп ойлаймын.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін 13 боксшымыз шаршы алаңға шығады
10.09.2025, 21:22

Халық пікірі: Әлеуметтік төлемдер шын мұқтаждарға ғана берілуі тиіс
10.09.2025, 21:06
Халық партиясы Президент Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді
10.09.2025, 20:52
ШҚО-да 104 млрд теңгенің 11 жобасы жүзеге асып жатыр
10.09.2025, 20:50
Мемлекеттік кеңесші аналитикалық құрылымдардың басшыларымен жиын өткізді
10.09.2025, 20:44
Е.Қошанов: Бір палаталы Парламент партиялардың рөлін де, беделін де арттыра түседі
10.09.2025, 20:42
Абай облысында инвестициялық жобалардың саны үш есеге артты
10.09.2025, 20:42
Мәжілісте ең төменгі жалақыны белгілеу туралы заң қаралды
10.09.2025, 20:33