Депутаттар ядролық қауіпсіздік саласындағы жаңа заң жобасын талқылады
Елімізде радиоактив қалдықтарды игеру жөніндегі жаңа заң жобасы әзірленеді. Алматыда Мәжіліс депутаттары ядролық институт ғалымдарымен кездесіп, жаңа құжаттың жобасын талқылады. Кездесуде Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, жаңа заңнамалық нормалар елде АЭС салу, атом саласын дамыту үшін барынша қолайлы жағдай жасауды көздейтінін айтып өтті. Бұл ретте МАГАТЭ-нің халықаралық талаптары қатаң ескерілетінін де алға тартты.
Жиналыс аясында институт қызметкерлері шетелдік тәжірибелерді ескере отырып, АЭС үшін кадр даярлау, ядролық қалдықтарды қайта өңдеу, атом саласының ел экономикасына толыққанды жұмыс істеуіне жағдай жасау бойынша бірқатар ұсыныс айтты.
Сергей Пономарев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Жаңа құжатты әзірлеу барысында МАГАТЭ-нің халықаралық талаптарын негізге аламыз. Жаңа заң жобасы қоғамдағы туындаған түрлі сауалға жауап береді. Ал кездесудің ядролық институтта өтуі де бекер емес. Дәл осы мекемеде АЭС-тің шағын көшірмесі саналатын зерттеу реакторы бар. Бүгін біз сол ректордың жұмысымен таныстық.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17