Маңғыстауда 48 млн ₸ ұрлаған алаяқтар қолға түсті
Маңғыстауда интернет алаяқтар екі адамды алдап, 48 млн теңгені уысына түсірген. Бірінші дерек бойынша алаяқтар тұрғынның депозиттік шотынан 28 млн теңгеден астам қаражатты аударып алған. Осы оқиғаға қатысты 3 күдікті ұсталды. Оның екеуі Ақтау қаласының, біреуі Қарағанды облысының тұрғыны. Жәбірленушінің қаражаты осылардың есепшоттарына түскен. Қылмысты ұйымдастырған ақтаулық тұрғын уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал келесі дерек бойынша, екінші әйелдің есеп шотынан 20 млн теңге белгісіз біреулердің атына аударылған. Күдікті ретінде Өскемен қаласының екі тұрғыны ұсталды.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13