Маман: Оқушылардың ағылшын тілін меңгеру деңгейі жоғары
Елімізде оқушылардың ағылшын тілін меңгеру деңгейі жылдан жылға көтеріліп келеді. Халықаралық KGL Contest олимпиадасын ұйымдастырған сарапшылар осылай деп отыр.
Алғаш рет өткен сайыста еліміздің әр аймағынан 2 700-ге жуық бала өтініш білдірген. Оның ішінде - Алматы мен Қызылорда қалалары көш бастап тұр, дейді мамандар. Үш кезеңнен тұратын жарысқа 9 бен 17 жас аралығындағы оқушылар қатыса алады. Олар жасына әрі шет тілін білу деңгейіне қарай топқа бөлініп, тест тапсырады. Олимпиаданың бірінші кезеңінен өткен 530 шәкірт келесі межеге жолдама алды. Ал үшінші турда жеңіске жеткен үздіктер қазан айында Афинада өтетін олимпиадаға барады.
Сәуле Әлімғазы, ағылшын тілі мұғалімі:
Оқушылардың көпшілігі ортаңғы деңгеймен шығып отыр. В1-В2 ол өте жақсы көрсеткіш. Әрине, біздің әзірлеп жатқан бағдарламамыз бен оқулықтарымыздың көмегі тиген шығар деп ойлаймын. Бұл олимпиада баланың дегейін ғана анықтамайды, бұл жерде балаға мотивация береді.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04