Алматыда «Жасыл аула» акциясы басталады
Алматыда «Жасыл аула» акциясы басталады. Науқан аясында тұрғындарға көшеттер тегін беріледі. Талап бойынша ағашты алған соң күтіп-баптауы тиіс. Бұл шара жылына екі рет - сәуір және қыркүйек айында өткізіледі. Оған пәтер иелері бірлестіктері қатыса алады. Мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтіндер де осы көшетті алып, ауласына отырғызуына болады. Былтыр қала бойынша 4 мыңға жуық тал-терек егілген. Айта кетейін, «Жасыл аула» акциясы «Таза Қазақстан» және «Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқанының аясында ұйымдастырылып отыр.
Данияр Ақшараев, қала тұрғыны:
Былтыр акциямен 20 ағаш алып, осы аулаға отырғызып, өзіміз жаздай қарап, суғарып, ағаш өскеннен кейін бала-шағаға қалады. Таза ауа болады. Биыл тағы ағаш отырғызамыз. Болашақта жақсы болады.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04