Маңғыстауда халықаралық шараға дайындық басталды
Маңғыстауда «Ақтау - Түркі әлемінің мәдени астанасы – 2025» жобасының ашылу салтанатына дайындық басталды. Халықаралық шара 5 сәуір күні Каспий теңізінің жағалауында өтеді деп жоспарланған. Соған орай, 15-шағын аудандағы жағалауда жаңадан сахна салынуда. Концерттік бағдарламада 300-дей жергілікті өнерпаз бен түркі елдерінен келген 200-ге жуық әнші өнер көрсетпек. Сонымен қатар 20-дан астам киіз үй тігіліп, облыстағы 5 аудан мен Ақтау қаласының атынан этно-ауылдар ашылады. Қазір соның құрылысы жүріп жатыр.
Нұрболат Көшкінбайұлы, Маңғыстау облыстық ғылыми әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары:
Бұл Дархан дала әтноауыл қалашығы салынып жатқан. Қазір мына 6 ауданға бөлінген. Әр қалашыққа 2 алты қанатты киіз үй және бір темір үй тігіледі. Осы барлық қалашықта қолөнер шеберлерінің көрмесі және жәрмеңкесі өтеді.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тау туризмі: «Oi-Qaragai» курорты кеңейіп жатыр
29.09.2026, 20:58
Almaty SuperSki жобасы табиғатқа зиян келтірмейді
29.09.2026, 20:56
Непалда тасқын кезінде жоғалып кеткендер әлі табылған жоқ
29.09.2026, 20:54
KazHackStan 2026: Астанада киберқауіпсіздік мәселелері талқылануда
29.09.2026, 20:53
1 қазаннан бастап онлайн несие рәсімдеу тәртібі өзгереді
29.09.2026, 20:06
БҚО-да шаруалар мемлекет қолдауымен кәсібін дөңгелетіп отыр
29.09.2026, 20:05
Елде Ұлттық гидрогеологиялық қызмет орталығы құрылды
29.09.2026, 20:04
Егін науқаны аяқталуға жақын
29.09.2026, 20:03