Мемлекет басшысы «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалі туралы Жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен өзге де қаһармандық пен қайсарлық көрсеткен азаматтар марапатталады. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жеңістің 80 жылдығына арналған 80 бейнеролик көрсетіледі
Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлттық арна «Ержүрек есімдер» атты 80 бейнеролик жасады. Қазір арна эфирінде көрсетіліп жатыр. Негізгі кейіпкерлер Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлері. Мақсат: майданында жанқиярлық танытып, ерлік көрсеткен батырлардың есімін насихаттау. Әскери-тарихи роликтер арқылы көрермен Қазақстанның Жеңіске қосқан үлесі туралы мол ақпарат алады. Сондай-ақ сол кезеңнің атмосферасын көрсету үшін бейнеқордағы кадрлар мен фотосуреттер, анимациялық кескіндер қолданылған. Ұзақтығы 30 секунд болатын роликтер бүгіннен бастап көрсетіліп жатыр.
Асылбек Данияр
