Зеленский Ресейге салынған санкцияларды алуға қарсы
«АҚШ Ресейдің талабына көніп, оған қарсы санкцияларды алып тастамайды деп үміттенемін». Парижде журналистерге сұхбат берген Украина президенті осылай деді. Зеленский Франция астанасына Украинаны қолдаушылар коалициясының саммитіне қатысу үшін барды. Бұған дейін АҚШ Мәскеу мен Киевтің Қара теңізде атысты тоқтатуға келіскенін хабарлады. Алайда Кремльдің сөзінше, ол уағдаластық Ресейдің ауылшаруашылығы өнімдері мен тыңайтқыштары санкциялардан босатылғанда ғана күшіне енеді. Зеленскийдің мәлімдеуінше, екіжақты келісімде мұндай шарт көрсетілмеген. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп болса, Ресейге қарсы кейбір шектеулерді жеңілдету мәселесін қарастырып жатқанын мәлімдеді.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
HackAlem AI қатысушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты
24.09.2026, 09:43
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18