БҚО-да құлаған ұшқышсыз ұшатын дрондарға қатысты тергеу жүріп жатыр
Қазір Батыс Қазақстан облысында бірнеше рет табылған белгісіз дрондарға қатысты тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Қорғаныс вице-министрі Шайх-Хасан Жазықбаев айтты. Вице-министрдің сөзінше, Бөкей орда ауданында сынақ полигоны, оның әуе кеңістігі де бар көрінеді. Бұл техникалық ақау болуы да мүмкін деді Жазықбаев. Вице-министр бұл жағдай бойынша барлық құзіретті органмен жан-жақты тергеу жүріп жатқанын да жеткізді.
Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында белгісіз ұшақтың сынықтары табылды. Ұқсас ұшақ осы жылдың 19 ақпанында облыстың Бөкей орда ауданына қарасты Ұялы ауылы маңында табылып, бұл жайт қоғамды алаңдата бастаған еді.
Шайх-Хасан Жазықбаев, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:
Бөкей орда ауданында ұшақ сынақ полигоны бар екен. Ол тек қана ұрыс алаңы емес, онда әуе кеңістігі де бар. Мүмкін ол техникалық ақау шығар. Немесе тағы да басқа себебі болуы мүмкін. Нақты айту тергеу біткенше дұрыс емес деп ойлаймын. Не себептен ол жерге құлағанын тергеу қорытындысы бойынша шешім қабылдаймыз.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04