Ақтөбеде «Мерген ару» сайысы өтіп жатыр
Ақтөбеде Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай «Мерген ару – 2025» сайысы өтіп жатыр. Оған еліміздің он бес аймағынан құралайды көзге атқан оқушы қыздар келген. Пневматикалық мылтықтан нысана көздеп ату біріншілігі өңірде 2011-жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Соңғы жылдары жарыс республикалық деңгейге көтерілді. Осы уақыт аралығында қатысушылардың саны да артқан. Мерген қыздар екі санат бойынша нысана көздейді. Үздік шыққан командалар кубоктарға және арнайы сыйлықтарға ие болады. Жарысқа қатысушылардың арасында батырмен аттас қыздар да бар.
Әлия Бектемірова, жарысқа қатысушы:
Маған кішкентайымнан айтатын, осындай батыр апамыз Әлия Молдағұлова бар, сен де сондай батыр қыз боласың деген ойдамыз дейтін. Осы жарысқа өзім жарты жыл дайындалған болатынмын. Осыған дейінгі көрсеткіштерім жақсы болды. Сондықтан мені осы республикалық жарысқа дайындап әкеліп отыр.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04