Германияда Шольц пен оның үкіметі отставкаға кетті
Германияда канцлер Олаф Шольц пен оның үкіметі отставкаға кетті. Жаңа бундестагтың бірінші отырысында президент Франк-Вальтер Штайнмайер Шольц пен 14 министрге отставка туралы куәлік тапсырған.
Мемлекет басшысы оларға қызметі үшін алғыс айтты. Салтанатты рәсім Берлин орталығындағы Бельвю президент сарайында өтті. Дегенмен ескі үкімет мүшелері жаңа құрам жасақталғанша қызметте қалады. Мұндай тәртіп заңда қарастырылған. Болашақ канцлер Фридрих Мерц жаңа министрлер кабинетін сәуірдің 20-да құруға уәде берді. Бундестагқа кезектен тыс сайлау ақпанның 23-де өтті. Онда Мерц басқаратын блок жеңіске жеткен еді.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04