Арқадағы атқұмар ауыл: Жанбөбекте Наурыз қалай тойланды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арқадағы атқұмар ауыл: Жанбөбекте Наурыз қалай тойланды?

23.03.2025
Арқадағы атқұмар ауыл: Жанбөбекте Наурыз қалай тойланды?

Наурыз мейрамының мән-мағынасын тереңірек түсінуге ұмтылыс байқалады. Былтырдан бері 10 күн аталып өтеді, тақырыптарға бөліп, тағылым алуға тырысып жатырмыз.

Астанадағы «Expo» көрме орталығында этноауыл құрылған, Президент Наурыз мерекесін жұртшылықпен бірге сонда қарсы алды.

Наурыз – ең алдымен, игілікті істердің мерекесі. Осы күндері әр үйде ақ дастархан жайылады. Ел-жұрт бір-бірімен қауышып, ақ тілегін айтады. Мұқтаж жандарға қайырымдылық жасап, қамқорлық көрсетеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Иә, қар енді ери бастаған солтүстік пен шығыста Наурызды сән-салтанатпен атап өтудің қиындығы бар. Бірақ бұл өңірлердің халқы күн жылысын деп отырмайтын болған.

Елдос Есенбол Қарағанды облысындағы Жанбөбек ауылынан арнайы репортаж түсіріп қайтты.


Хабарламаларға жазылу