Шекарада наурыз мерекесі тойланды
Ұлыстың ұлы күні «Қорғас» шекара маңы халықаралық ынтымақ орталығында тойланды. Қазақстан мен Қытай елінің бейтарап экономикалық аумағында киіз үйлер тігіліп, қазақтың ән-жырынан шашу шашылып, дастархан жайылды. Екі ел арасындағы ынтымақ пен сауда-саттықты арттыратын орталыққа күн сайын 4-5 мың қазақстандық қатынаса, Қытайдан да осынша турист келеді. Ал мереке және демалыс күндері халық саны екі есе артады. Мәдени-көпшілік серуенде қытай азаматтары қолдарына қыран ұстаған қазақ жігіттерінің алыптығына тамсана қарап, суретке түсіп, ұлттық өнерді тамашалады. Спорттық шараларға қатысып, қабілет-қарымдарын байқап көрді.
Қымбат Ыстамшалқызы, Қорғас қаласының тұрғыны:
Біз Қытай жақтың қазақтарында да нақ күн мен түннің теңелген күнінде, самарқанның көк тасы еріген күні бар жақсылық келсін деп, бұлақтың басына жас балаларды ертіп барып, ағаш отырғызамыз. Сондай-ақ бізде де осындай кең дастархан жайып, ауылдарымызда, аудандарымызда, әр отбасыда бізде наурызды тойлап өту болады. Ақ мол болсын! Ұлыс оң болсын! Ойлаған армандарыңыз іске ассын!
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16
Ұлыбританияда жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады
22.07.2026, 20:10