Мәдениет және спорт министрлігі кәрі құрлықтың ірі қалаларында үлкен тур ұйымдастырмақ

28.11.2017

Оның аясында 5 негізгі музыкалық спектакль өтеді деп жоспарланып отыр. Бүгін бұл туралы Орталық коммуникациялық қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында ведомствоның вице-министрі Ақтоты Райымқұлова хабарлады. Желтоқсан айының бірінші жартысы бойы жалғасатын турдың бағыты Париж, Берлин, Вена, Брюссель және Мәскеу сынды үлкен мәдени астаналарды қамтиды. «Ұлы дала театры» жобасына «Астана мюзикл» музыкалық және республикалық неміс академиялық театрлары атсалысады. Айта кетейік, Қазақстанның жаһандағы заманауи әрі мәдени жорығы келе жатқан Тұңғыш Президент күні мерекесіне Орайластырылады.

Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары:

- Еліміз қатар тұрып жатқан, дініміз, тіліміз бір немесе ерекше халықтармен қарым-қатынасымыз өте жақсы болып келеді. Мұның бәрі жаппай жаһандану кезінде аса маңызды мәселе болып табылады.

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу