Президент «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ-ның Басқарма төрағасын қабылдады. Кездесуде Мейіржан Юсупов компанияның өткенін екшеп, болашағына бағдар жасады. Сондай-ақ минералды-шикізат базасын ұлғайту және барлау жұмыстары үшін жаңа лицензиялар алынғаны айтылды. Бұдан бөлек, Тәжікстан, Франция, Моңғолия және Иордания елдерімен жасалған келісімдерге тоқталды. Холдинг былтыр өңірлерді дамытуға 3,7 млрд теңгеден астам қаражат бөлгенін жеткізді. Өз кезегінде Президент компания жұмысының тиімділігін арттыру және әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындау бойынша бірқатар тапсырма берді.
Мейіржан Юсупов, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы:
Өткен жылдың қорытындысы бойынша уран өндірісі 10,2 пайызға өсіп, 23 мың тоннадан асты. Топ бойынша сату көлемі шамамен 16,6 мың тоннаны құрады. Ал кіріс мөлшері рекордтық 1,8 трлн теңгеге жетті. Мемлекет басшысына «Үлбі-ЖБҚ» зауытының өткен жылы 200 тонна жылу бөлетін құрамалар, яғни ядролық отын өндіріп толық қуатқа шыққаны туралы баяндадым.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде 46 экологиялық аумақ құрылады
26.04.2026, 23:32
Зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізіледі
26.04.2026, 23:30
Экологиялық саммитте 2 млрд долларға қандай келісімдер жасалды?
26.04.2026, 23:28
«Бизнес», «элит», «комфорт» класс атаулары заңда жоқ. Сонда қалай?
26.04.2026, 23:27
Арал теңізін толық қалпына келтіру мүмкін бе?
26.04.2026, 23:15
Алматыда «SuperStar KZ» мегажобасына іріктеу өтіп жатыр
25.04.2026, 20:08
«Бату хан» тарихи-деректі романы таныстырылды
25.04.2026, 20:06
«Қазақстан» РТРК» ұжымы сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:05