Қазақстан киберқауіпсіздік саласы дамыған елдер тізіміне енген
Бізде киберқауіпсіздік маманын даярлайтын 8 білім беру ұйымы бар. Гранттар саны да жыл сайын көбейіп келеді. Мәселен өткен жылы салаға 3 мың 600 оқу гранты бөлінді. Одан бөлек отандық 50 компания киберқауіпсіздік бағытында сапалы қызмет атқарып жатыр. Бұл туралы Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасы айтты. Дербес деректерді қорғауда заңнаманы бұзғандарға айыппұл көлемі ұлғайтылды. «Еговта» «Стоп-кредит» функциясы қосылды, яғни азаматтар несие алудан ерікті түрде бас тарта алады. Осылайша атыңызға несие рәсімдейтін алаяқтардан сақтануға болады. Бүгінде Қазақстан киберқауіпсіздік саласы дамыған мемлекеттер тізіміне енген.
Үмітжан Арықбекова, ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары:
2024 жылы Халықаралық электробайланыс ұйымы рейтинг жасады. Ол рейтинг бойынша мемлекеттерді 5 топқа бөлген. ТР-1, ТР-2, ТР-5-ке дейін. Біздің мемлекет ТР-2 тобында орналасқан. Бұл Advanced тобы. Бұл киберқауіпсіздік саласы дамыған мемлекеттер қатарында. ТР-1-ге өту үшін 95 баллға жету керек. Қазіргі кезде біздің балымыз 94,6 балл.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22