Павлодар облысындағы су басуы мүмкін деліген ауылдардың саны азайды
Павлодар облысында қарғын судан 56 елді-мекенге қауіп бар деп жарияланған болатын. Дереу қолға алынған іс-шаралардың арқасында олардың саны 20-ға қысқарды. Яғни бөгет тұрғызылып, ағын су арнасы басқа жаққа бұрылды. Ал қалған 36 елдімекенді тасқыннан қорғау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Облыс бойынша 700-ге жуық арнайы техника әзірленді. Кешелі бері Ақтоғай ауданы аумағында Сілеті өзенінде мұз жарып жатыр. Мұны өзен бойындағы үш облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі қызметі бірлесіп атқаруда.
Серік Батырғожинов, Павлодар облысы әкімінің І орынбасары:
Ол жерді жармасақ, ертең мұздар келіп кептеліп, судың көлемі көп болса, ауылға да кіріп кетуі мүмкін. Сондықтан алдын ала жұмыстар жүргізілді. Бұны біз жай емес, осыдан үш күн бұрын біз үш облыстың ТЖ басшылары кездесіп, осындай шешім қабылдап, Ақмола, біз, Солтүстік Қазақстанда осындай жұмыстарға кірістік. Ол бір ғана Шолақсорда емес, барлық Сілеті арнасы бойында жүргізіледі.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16