Астана мектебінде «Бала – толағай» спорт залы ашылды
Бүгін наурызнаманың жетінші күні - Ұлттық спорт күні. Осыған орай Астана мектебінде «Бала – толағай» спорт залы ашылды. Ахмет Байтұрсынов атындағы №48 мектеп-лицейіндегі үйірмеде оқушыларды ұлттық спорт түрлеріне баулиды.
Үйірмеде серке көтеру, садақ ату, найза лақтыру, ләңгі тебу, арқан тарту сынды ойындардың негізгі техникасы үйретіледі. Мысалы, найзаны ұзындыққа екпінмен лақтыру керек. Найзаның ұшы жерге қадалуы шарт.
Қазыбек Иса , ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Біз енді мәселе көтеріп жатырмыз. Кез-келген мектепте спорт залдары ашылған кезде, Ұлттық спортқа зал ашылуы керек. Ұлттық спорт далада жетім қалмауы керек. Өз елінде өгей болмауы керек.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22