Мопедтерді тіркеу: 16 күн қалды
Ішкі істер министрлігі ескертеді. 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді жүргізуге тыйым салынады. Құқық бұзушылық анықталған жағдайда әкімшілік жауапкершілік бар. Күні бүгінге дейін республика бойынша 8527 мопед тіркелген. Көлікті тіркеуге 16 күн қалды. Сондықтан Ішкі Істер министрлігі мопедті тіркеуді кейінге қалдырмауға шақырып отыр. Көлік иелері тұрғылықты жері бойынша арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіне алады.
Шыңғыс Алекешев, ІІМ ақпараттық саясат Департаментінің бастығы:
Өзіңізбен бірге келесі құжаттарды алу керек: жеке басты куәландыратын құжат, электронды түрі де жарайды, техникалық құжат немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер. Өтінішті толтырып, мопедті тексеруден өткізіп, көлік құралын тіркеу, тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік нөмір алу үшін мемлекеттік баждарды төлеу керек.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25
Түркі әлемінің ортақ мұрасы: «Түркістан» энциклопедиясы жарық көрді
23.10.2026, 10:22
Ресейде жалған сертификаттарға қарсы күрес күшейтіледі
23.10.2026, 10:17
Алтын шикізатын шетелге заңсыз шығармақ болғандар ұсталды
23.10.2026, 10:15
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
23.10.2026, 10:14
Қытайда жер сілкініп, 16 адам қаза тапты
23.10.2026, 10:13
Қар құрсауында қалған 7 адам құтқарылды
23.10.2026, 10:12
7 жылда әлеуметтік салаға 88 трлн теңге бөлінді
23.10.2026, 10:10