Құрылтай: Шекара маңындағы аудандарды дамытуға қатысты жаңа заң қабылданады
Бурабайда өткен төртінші құрылтайда ел ауызында жүрген бірқатар маңызды тақырып айтылды. Осылай деген тұрғындар, әсіресе шекараға жақын орналасқан елдімекендердің жағдайы, салық саласындағы мәселелерге ерекше тоқталды. Ал келесі құрылтайдың Қызылорда қаласында өтетіндігі Сыр өңірі халқын қуантып отыр.
Сағат Тайман, тарих ғылымдарының кандидаты:
Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдағы ұсынысы өте қуантарлық жағдай. Себебі Қызылордада б1925 жылы 15-19 сәуір аралығында болған Қазақ кеңесінің 5-ші съезінде біз «Қазақ» атауымызды алдық. Қызылорданың астана болған уақытында Алаш қайраткерлерінің ұлттық сипаттағы мемлекет құрамыз деген күресі осы өңірде туындаған.
Бауыржан Ғұбайдуллин, облыстық «Орал өңірі» газетінің бас редакторы:
Мемлекеттік шекараға таяу орналасқан елдімекендердің әлеуметтік-экономикалық қоғамдық бағыттағы сұраныстарын бірінші кезекте шешу, соның ішінде маман мәселесі бар, коммуналдық игіліктерді шекараға таяу аудан-ауылдарға бірінші кезекте жеткізу. Міне осындай мұрат-мақсатқа жету үшін Президент шекараға таяу елдімекендерге қатысты арнайы заң қабылдайтынын айтты. Демек ондай заң қабылданса, шекара ел-жұртсыз қалмайды деген сөз.
Шолпан Байғалина, Павлодар облысының құрметті азаматы:
Президентіміздің Ұлттық құрылтайдағы сөйлеген сөзінде салық жайлы үлкен мәселе көтерілді. Сол жөнінде көп сөз болды. Расында да салық - мемлекеттің негізгі тірегі. Осы салықпен біз әлеуметтік мәселелерді шешеміз. Мына істелініп жатқан көп жұмыстар салық қаражаты арқылы шешіледі.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Базалық мөлшерлеме 15,75% болды
23.10.2026, 20:10
Мәдениет және БАҚ саласының үздіктері марапатталды
23.10.2026, 20:10
Республика күні қарсаңында бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды
23.10.2026, 20:08
Премьер-министр Президент атынан мемлекеттік наградаларды табыс етті
23.10.2026, 20:06
Президент NVIDIA компаниясының президентін қабылдады
23.10.2026, 20:06
Президент Республика күніне арналған мерекелік концертті тамашалады
23.10.2026, 20:05
Егемендік күнінде еңбегі еленгендер
23.10.2026, 20:02
Король Филиптің Қазақстанға сапары екі ел қатынасына жаңа серпін берді
23.10.2026, 17:30