Атырауда 3 мыңға тарта тұрғын ұлттық киіммен шеруге шықты
Атырауда «Ұлттық киім» күніне орай 3 мыңға тарта тұрғын қазақы киімдерін киіп, шеруге шықты. Әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт алаңнан тікелей эфирге шығуға әзір. Нұрсұлтан, мерекелік көңіл-күй қалай?
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Мереке қарсаңында тұрғындар бір-бірімен көрісіп, құшақтасып, қол алысып мәз-мейрам күйде. Рухани әсерге толы шеруде ұлттық рух асқақтап, дәстүр дәріптелуде. Қала орталығындағы Ту тұғырынан басталған шеру Исатай-Махамбет алаңына дейін жалғасады. Салт атты батырлар алдыңғы сапта көк туды желбіретіп, көш бастап, рухты көтеріп келеді. Этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері де шараға белсене қатысып, қазақтың ұлттық киімдерін киіп шыққан. Еске салсақ мұндай шеру Атырауда осыдан екі жыл бұрын Рәміздер күніне орай өткізілген еді. Оған мыңға жуық атыраулық қатысқан. Ұйымдастырушылар игі дәстүрдің ізін жалғап, бүгінгі күні де наурыздың онкүндігін жоғары деңгейде тойлатып жатыр. Қазір менің жанымда қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов тұр. Айтыңызшы, жалпы бұл шерудің маңыздылығы неде?
Нұржан Ермұханов, қала әкімінің орынбасары:
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Шеру Исатай-Махамбет алаңындағы мерекелік концертпен жалғасуда. Дәстүрлі әндер шырқалып, халық ерекше қуаныш пен шаттыққа бөленіп жатыр.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытай көпполярлы әлем архитектурасына жақсылап кірісті ме?
07.09.2025, 21:08

Президент Қ.Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына сапары қалай өтті?
07.09.2025, 20:38
Қайрат Қожамжаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
07.09.2025, 20:34
Мектеп асханасына қандай стандарт енгізілді?
07.09.2025, 20:19
Талғардағы қылмыс: Әрекетсіздігі үшін полицейлердің үстінен іс қозғалды
07.09.2025, 20:13
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36
Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30