Кинотеатрлар табысын жасырған
Былтыр отандық кино саласы табысы жағынан рекорд орнатты. Бір жылда билет саудасынан 22 млрд теңге түскен. Бұл табысын ашық түрде көрсеткен кинотеатрлардан алынған мәлімет. Өйткені елдегі 108 кинотеатрдың 40-ы түскен пайдасын ашық көрсетпей отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында айтылды. Ашықтықты қаматамасыз ету үшін Мәдениет және ақпарат министрлігі бірыңғай кино мониторинг жүйесін әзірледі. Ол «е-Кино» деп аталады. Жүйе әзірге тек сынақ ретінде енгізіліп отыр. Оған Қазақстандағы 68 кинотеатр қосылған.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
Қазақстандық кино өндіріс былтыр 58 пайызға өсті. Шетелдік және отандық кинокартиналардан түсетін алым шамамен теңесті. Бұл көрермендердің ұлттық контентке деген қызығушылығының артып келе жатқанын білдіреді. Сондықтан құрылтайда Мемлекет басшысы түсіріліп жатқан фильмдер мен сериалдарға ерекше мән беруді тапсырды. Жобалардың санын көбейтіп, тек пайда көруді мақсат етпей фильмдердің сапасына баса назар аудару керек.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы: Еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бар күшімді саламын
29.09.2026, 23:27
Елімде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын – Мемлекет басшысы
29.09.2026, 23:13
Тау туризмі: «Oi-Qaragai» курорты кеңейіп жатыр
29.09.2026, 20:58
Almaty SuperSki жобасы табиғатқа зиян келтірмейді
29.09.2026, 20:56
Непалда тасқын кезінде жоғалып кеткендер әлі табылған жоқ
29.09.2026, 20:54
KazHackStan 2026: Астанада киберқауіпсіздік мәселелері талқылануда
29.09.2026, 20:53
1 қазаннан бастап онлайн несие рәсімдеу тәртібі өзгереді
29.09.2026, 20:06
БҚО-да шаруалар мемлекет қолдауымен кәсібін дөңгелетіп отыр
29.09.2026, 20:05