Израиль әскерінің шабуылдарынан Газада 400-ден астам адам қаза тапты
Таяу Шығыста соғыс қайта басталды. Израиль Газа секторына әуеден тағы да соққы беріп жатыр. Одан кемінде 400-ден астам адам қаза тапқан. Құрбандардың көбі – қарттар, әйелдер, балалар. Бірақ Израиль террористерді жойып жатқанын мәлімдеп отыр.
«Хамас» пен Израиль арасындағы 15 айға созылған шайқас 19 қаңтарда тоқтады. Бірақ сол ымыра қайта бұзылды. Израиль үкіметінің сөзінше, бұған «хамастықтардың» кепілдіктегі израильдіктерді босатпауы және өзге де талаптарды орындамауы себепші. Алайда, «ХАМАС» өкілдерінің айтуынша, Израиль бітім шарттарын өзі бұзып, тұтқындардың өміріне қауіп төндіріп отыр.
Ымыраның бірінші кезеңі наурыздың 1-де аяқталған еді. Оның әрі қарай жалғаспауына тараптардың жаңа бітімнің кейбір тұстарымен келіспеуі түрткі болса керек.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07
Көк базардағы құрылыс 2028 жылға дейін жалғасады
22.09.2026, 10:06
Ресейде көші-қон талаптары күшейді
22.09.2026, 10:05
Түркияда шетелдіктерге заңсыз азаматтық алуға көмектескен топ ұсталды
22.09.2026, 10:05
Егінге бөлінген 300 миллион теңге қолды болған
22.09.2026, 10:05
Жапонияда 2 миллионға жуық адам эвакуацияланады
22.09.2026, 10:04
Үкіметте жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту шаралары талқыланып жатыр
22.09.2026, 10:03
Бірнеше медиа ұйым Трамп әкімшілігіне қарсы сотқа шағым түсірмек
22.09.2026, 10:02