Алматыда халықаралық студенттік көрме басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда халықаралық студенттік көрме басталды

22.11.2017

Алматыда КСРО-ның Халық суретшісі, профессор Тельжанов Қанафия Темірболатұлының 90 жылдығына арналған халықаралық студенттік пленэрлік көрме басталды.

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы ұйымдастырған байқауға отандық және шетелдерден 40-қа жуық қылқалам шебері қатысып жатыр. Оларға ірі мегаполистегі соңғы өзгерістерді суреттеу жұмысы тапсырылған. Жарысқа күз тақырыбындағы түрлі жанрдағы 100-ден астам туынды келіп түскен. Солардың ішінен қазылардың жоғары бағасын алған картиналар көпшіліктің назарына ұсынылды. 

Бауыржан Байділдә, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Пленэрдің мақсаты - жастарға үлкен талпыныс, шабыт беру. Сондықтан, біз осы іс-шараны екі жылда бір рет Қанапия Темірболатұлы Телжановтың атынан атқаруды ұйғарып, бастауын жасадық.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу