Креативті индустрия саласында 143 мың адам еңбек етеді
Бүгінде 143 мыңан астам адам креативті индустрия саласында еңбек етеді. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта біршама өсуі мүмкін. Өйткені саланы дамытуға көңіл бөлініп отыр. Бұл туралы Үкіметте өтіп жатқан отырыста айтылды. Жиында тағы қандай мәселелер көтерілді?
Креативті индустрияның ел экономикасындағы үлесін 2 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты. Ол үшін креативті индустрияға бөлінетін қаржыны ұлғайтып, жан- жақты дамыту және оның экспортын арттыру көзделіп отыр. Бүгінде аталған салада 143 600 адам еңбек етеді. 12 бағыт бойынша жұмыс істейтін креативті индустрияның 43 түрлі экономикалық қызмет көрестетінін де атап өткен жөн. Бұл жерде бір мәселе бар, бүгінде креативті индустрия субъектілерінің 50 пайызы Астана мен Алматыда орналасқан. Сондықтан оны басқа да өңірлерде дамыту көзделіп отыр. Жиында мәдениет және өнер саласын цифрландыру жайы да айтылды. Әсіресе архив, кітарханаларды, сондай-ақ музей қорларын цифрландыру маңызды. Жиында көтерілген мәселелер мен жаңашылдықтар туралы алдағы шығарылымдарда тарқатып айтамыз.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Инвестициялық қауіпсіздік деңгейі бойынша Қазақстан 150 мемлекеттің ішінде 53-орынға көтерілді
23.07.2026, 09:14
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16