Құрылтай: Маңызды мәселелер ел арасында талқылануда
Бурабайда өткен 4-ші Құрылтайда ел игілігіне оң әсер ететін маңызды мәселелер көтерілді. Туризмнің дамуы, мәдени ордалардың жаңғыруы сынды өзекті тақырыптар ел арасында әлі де талқыланып жатыр. Ал, Астана мен Арқалық арасындағы көлік жолы Торғай жұртын ерекше қуантты.
Абылай Мауданов, қала тұрғыны:
Жол қашаннан тіршіліктің күре тамыры. Біздің Торғай өңірінің осы күре тамыры қиылып, бунап тұрғандай көрінетін. Биылғы Ұлттық Құрылтайдың ең қуанышты жаңалығы сол жол қатынасы мәселесі үлкен биік мінберден мемлекет басшысының аузынан айтылды. Бұл бізге үлкен қуаныш сыйлап отыр. Арқалыққа жол салынса тіршілік қайта жанданады.
Ербақыт Амантайұлы, облыстық мәслихаттың депутаты:
СҚО аумағынды жылқы малының алғаш ауыздықталғанын қазақстандық ғалымдар ғана емес, шетелдік ғалымдар да дәлелдеді. Енді біз осы фактіні айта беріп, ештеңе ұтпаймыз. Осы деректердің негізінде тарихи туризмді дамытуға болады. Қазақтың ұлттық сусындарын қайтадан жаңғыртып, туристерге көрсету арқылы біз бір үлкен сала – туризм саласын тарихи факті арқылы дамыта аламыз.
Рысбүбі Төлеуханова, Абай атындағы музыкалық-драмалық театрының әртісі:
Осы облыстық театрлардың жай-күйін елеп-ескеріп кеткені үшін мен өте ризамын. Біз, қазіргі уақытта, 3 театр бір ғимаратта қыстырылып, қымтырылып еңбек етіп жатырмыз. Жұмыстан тыс уақытта да еңбек етеміз. Өйткені сахна бізге жетіспейді. Мемлекет тарапынан осындай көмек болып жатса құба-құп, әрине, біз өте қуанышты болар едік.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Базалық мөлшерлеме 15,75% болды
23.10.2026, 20:10
Мәдениет және БАҚ саласының үздіктері марапатталды
23.10.2026, 20:10
Республика күні қарсаңында бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды
23.10.2026, 20:08
Премьер-министр Президент атынан мемлекеттік наградаларды табыс етті
23.10.2026, 20:06
Президент NVIDIA компаниясының президентін қабылдады
23.10.2026, 20:06
Президент Республика күніне арналған мерекелік концертті тамашалады
23.10.2026, 20:05
Егемендік күнінде еңбегі еленгендер
23.10.2026, 20:02
Король Филиптің Қазақстанға сапары екі ел қатынасына жаңа серпін берді
23.10.2026, 17:30