АҚШ-та құйыннан 40 адам қаза тапты
АҚШ-тың орталық және оңтүстік штаттарына сұрапыл құйын соққы берді. «Рейтер» агенттігінің мәліметінше, 6 штатта торнадодан қаза тапқан адам саны 40-қа жеткен. Табиғи апаттан әсіресе Миссури штатты ең көп зардап шекті. Онда 12 адам қайтыс болған. Ал Канзас штатында бір мезетте 50 көлік апатқа ұшырады. Оклахомада қатты желден от күшейіп, 150 өрт ошағы тіркелген. Бұған қоса құйын кезінде 4 пойыз аударылды. Штатта төтенше жағдай жарияланған. 350 мыңға жуық тұрғын электр жарығынсыз қалды. Ұлттық ауа райы қызметінің мәліметінше, құйын тағы көтерілуі мүмкін.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04