Елдімекендерге жеке тұлғаның есімін беруге шектеу қойылады
Ұлттық құрылтай - Мемлекет басшысының халық алдындағы есебі, деп білеміз дейді маңғыстаулық ел ағалары. Өйткені Президент алдыңғы құрылтайда көтерілген мәселелер бойынша қабылданған шешімдерге тоқталып, алда атқаралатын жұмыстарды айқындап берді. Оның ішінде әр өңірді дамыту арқылы, бүкіл елдің қуатын арттыруға қатысты берілген тапсырмалар және аутизммен ауыратын балалар үшін арнайы мектеп салу туралы жобалар аймақ тұрғындарының көңілінен шығып жатыр.
Алқажан Еділхан, өлкетанушы:
Ономастика мәселесі біздің облыста күрделеніп бара жатыр еді. Жеке кісілер, жеке топтар әр ауылға, көшелерге кейбір айшықты нысандарға өзін ғана мадақтайтын есімдерді қоюға ұмтылыс болды. Президентіміз бұл мәселелердің барлығына тоқтау салды. Оған біз үлкен ризашылық білдіреміз.
Оңайбек Әбділов, Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы:
Жалпы Мемлекет басшысы қуатты аймақ, қуатты ел деген ұстанымын жиі айтады. Шынында әр өлке, әр өңір қуатты болатын болса, мемлекетіміз де қуатты болатыны анық. Қазір жасалып жатқан шаралардың дені әлемдегі болып жатқан әртүрлі сын-қатерлерге қарсы тұра алуы үшін мемлекетімізді қандай дәрежеге көтереміз, қалай қуатты қыламыз деген бағытта атқарылып жатыр.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы: Еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бар күшімді саламын
29.09.2026, 23:27
Елімде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын – Мемлекет басшысы
29.09.2026, 23:13
Тау туризмі: «Oi-Qaragai» курорты кеңейіп жатыр
29.09.2026, 20:58
Almaty SuperSki жобасы табиғатқа зиян келтірмейді
29.09.2026, 20:56
Непалда тасқын кезінде жоғалып кеткендер әлі табылған жоқ
29.09.2026, 20:54
KazHackStan 2026: Астанада киберқауіпсіздік мәселелері талқылануда
29.09.2026, 20:53
1 қазаннан бастап онлайн несие рәсімдеу тәртібі өзгереді
29.09.2026, 20:06
БҚО-да шаруалар мемлекет қолдауымен кәсібін дөңгелетіп отыр
29.09.2026, 20:05