Наурызнама-2025: Дүниеге келген нәрестелердің ата-аналарына бесік берілді
Жалпыұлттық наурызнаманың онкүндігінің «Шаңырақ» күнінде Ақтөбеде дүние есігін енді ғана ашқан нәрестелерге бесік сыйланды.
Жас босанған аналарға ерекше құрмет көрсетілді. Ұлттық нақышта безендірілген бесіктер ұл және қыз балаларға лайықталып, толығымен жөргек-жаялықтарымен жабдықталған. Ұйымдастырушылар жастарға отбасы құндылықтарын, ата-баба дәстүрін насихаттауды мақсат еткен. «Бесік тарту» деп аталған бұл шарада аналарға баланы бесікке бөлеудің маңыздылығын түсіндірді.
Маржан Қорғанбаева, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы:
«Әрине, сонымен қатар біздің жас аналарымызға да арналған тәтті тағамдардан, ұлттық тағамдардан да арналған сый-сыяпат бар. Бұл біздің ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттауға беретін үлкен үлес деп есептейміз. Өйткені, атам заманнан әр баланың өз бесігі болуы керек, сол бесіктен ертең бәйтерек болып өседі деген үмітіміз бар».
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04