Ақтөбеліктер «Амал келді – жыл келді» атты мерекелік бағдарламаны тамашалады
Көрісу күнін Ақтөбе жұрты да барынша сән-салтанатымен қарсы алып жатыр. Облыс орталығында «Амал келді – жыл келді» атты мерекелік бағдарлама өтті. Бұл шараның басты ерекшелігі қандай? Оны әріптесім Жақсыбек Кемалдан сұрап көрелік.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Жыл құтты болсын! Амал мерекесін ақтөбеліктер ерекше көңіл-күймен, осылай думандатып қарсы алуда. Бүгінгі шараның басты ерекшелігінің бірі – ақ кимешекті 100 әже мен ақ орамалды 100 келін қала көшелерімен жүріп өтіп, мерекеге жиналған жұртшылықты әдемі әсерге бөледі.
Сәні мен салтанаты жарасқан бұл шеру Есет батыр шағын ауданында ұйымдастырылды. Енелер мен келіндер басты көшелердің бірімен жүріп өтіп, негізгі мерекелік шаралар өтіп жатқан Мәдениет үйінің алдына келіп тоқтады. Мұнда киіз үй тігіліп, наурыз көже асылып жатыр. Үлкендер бір-бірімен көрісіп, Амал мерекесімен құттықтады. Ал, өнерпаз жастар «Бастаңғы» дәстүрін көрсетті. Одан бөлек ұлттық ойындар мен спорттық жарыстар ұйымдастырылды.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Амал мерекесін өңір жұртшылығы кең көлемде тойлап жатыр. Тек облыс орталығында ғана емес, аудан, ауылдардағы орталық алаңдар мен мәдениет үйлерінде мән-мағынаға толы шаралар ұйымдастырылған. Халық тілегі – елдің амандығы!
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04