Биылғы наурыз шығыста ерекше басталды
Шығыстағы ел-жұрт та бүгін арқа-жарқа көрісіп жатыр. Ұлық мереке Өскемен қаласының орталығында басталды. Ол үшін Республика алаңына ең үлкен киіз үй тігіліп, ұлыстың ұлы күнін ұлықтауға арналған салт-дәстүрге толы ырым-жоралғылар жасалды. Мерекенің қалай өтіп жатқанын өңірдегі тілшіміз Олжас Керейханнан білсек?
Олжас Керейхан, тілші:
Биылғы наурыз шығыста ерекше басталды. Әуелі облыстық драма және опера театры әртістері «Көрісу» салт-дәстүрінен сахналық қойылым көрсетті. Өйткені қайта жаңарып, жасарған дәстүрдің бұл түрі шығыста соңғы бірнеше жылда ғана насихаттала бастады. Ал биыл мерекелік бағдарламамен әрленіпті.
Мерекеге жиналған жұрт бір-бірімен төс қағыстырып ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Үлкендер жастарға жол сілтеп,батасын берді.
Әлібек Нұрмұхаммедұлы, қала тұрғыны:
Ұлыстың ұлы күнін ұлықтауға арнаған мерекелік бағдарлмалар күн сайын ұйымдастырылып тұрмақ. Әр күн бір салт дәстүрге арналмақ. Ал ең негізгі мереке наурыздың 22-сі күні ұйымдастырылмақ.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы: Еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бар күшімді саламын
29.09.2026, 23:27
Елімде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын – Мемлекет басшысы
29.09.2026, 23:13
Тау туризмі: «Oi-Qaragai» курорты кеңейіп жатыр
29.09.2026, 20:58
Almaty SuperSki жобасы табиғатқа зиян келтірмейді
29.09.2026, 20:56
Непалда тасқын кезінде жоғалып кеткендер әлі табылған жоқ
29.09.2026, 20:54
KazHackStan 2026: Астанада киберқауіпсіздік мәселелері талқылануда
29.09.2026, 20:53
1 қазаннан бастап онлайн несие рәсімдеу тәртібі өзгереді
29.09.2026, 20:06
БҚО-да шаруалар мемлекет қолдауымен кәсібін дөңгелетіп отыр
29.09.2026, 20:05