Алматыда тұрғын үй салу ережелері қатаңдатылды
Алматыда тұрғын үй салу ережелері қатаңдатылды. Әсіресе таулы аймаққа көпқабатты ғимарат тұрғызуға тыйым салынды. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты. Алайда шаһар басшысы заңнамада жеке үй салуға арналған жерге аз қабатты тұрғын үй тұрғызуға рұқсат бар екенін айтты. Осы мүмкіндікті кей құрылыс компаниялары өз пайдасына қолданатынын алға тартты.
Айта кетейін, 2023 жылдан бері тау бөктерінде заңсыз тұрғызылған 67 нысан толығымен, кейбірі құрылыс талаптарына сай келмей ішінара бұзылды.
Жанна Смайылова, қала тұрғыны:
Таулы аймақта үй салынуына толығымен тыйым бола ма? Себебі біз тұрып жатқан ауданда көпқабатты тұрғын үйлердің көптігінен арнайы жаяу жүргіншілер жолы, қоғамдық көлік қатынасы мен жол мәселесі қазірлдің өзінде өте өзекті.
Ерболат Досаев, қала әкімі:
Біз жаңа Құрылыс кодексіне техникалық қадағалаудың негізінде жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу туралы арнайы ұсыныстар енгіздік. Сондай-ақ таулы аймақта көпқабатты ғимарат салуды шектеп, құрылыс ережелерін қатаңдаттық. Әсіресе 15 градустан жоғары беткейлерде, сондай-ақ, жар шетіне көпқабатты үй салуға тыйым салынды.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04