Ерболат Досаев: Тұрғын үй салу ережелері қатаңдатылды
Алматыда тұрғын үй салу ережелері қатаңдатылды. Әсіресе, таулы аймаққа көпқабатты ғимарат тұрғызуға тыйым салынды. Бұл туралы қала әкімі Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты. Алайда Ерболат Досаев заңнамада жеке үй салуға арналған жерге аз қабатты тұрғын үй тұрғызуға рұқсат бар екенін айтты. Осы мүмкіндікті кей құрылыс компаниялары өз пайдасына қолданатынын алға тартты.
Айта кетейік, 2023 жылдан бері тау бөктерінде заңсыз тұрғызылған 67 нысан толығымен, кейбірі құрылыс талаптарына сай келмей ішінара бұзылды.
Ерболат Досаев, қала әкімі:
Біз жаңа Құрылыс кодексіне техникалық қадағалаудың негізінде жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу туралы арнайы ұсыныстар енгіздік. Сондай-ақ таулы аймақта көпқабатты ғимарат салуды шектеп, құрылыс ережелерін қатаңдаттық. Әсіресе 15 градустан жоғары беткейлерде, сондай-ақ, жар шетіне көпқабатты үй салуға тыйым салынды.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17