Бурабайда Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы қарсаңында «Мәдениет. Өнер. Руханият» және «Азаматтық қоғам» секциялық жиындары өтті. Онда әлеуметті толғандыратын өзекті мәселелерден бастап, отбасындағы тәрбие мен тұрмыстағы сын-тегеуріндерге дейін талқыланды. Ұлттың мәдени сапасын арттыруға, өнердің сан-саласын дамытуға қатысты ой-пікірлер пысықталды. Әрі нақты ұсыныстар айтылды.
Данияр Қайыртай, тілші:
Міне, «Мәдениет. Өнер. Руханият» тақырыбындағы секцияның жұмысы аяқталды. Онда құрылтай мүшелері осы салаларға қатысты өзекті мәселелерді қызу талқылап, ұсыныс-пікірлерін айтты. Мысалы, академик Дихан Қамзабекұлы мәдениет пен руханиятқа қатысты бірқатар мәселе көтерді. Дихан Қамзабекұлы қазір жанымызда тұр. Өз ұсынысыңыздың мәнін ашып айтып берсеңіз...
Данияр Қайыртай
