Пәкістанда сепаратистер басып алған пойыздан 190 адам құтқарылды
Пәкістанның оңтүстік батысында сепаратистер басып алған пойыздан 190 адам құтқарылды. Алайда беліне бомба байлаған содырлар 214 жолаушыны әлі ұстап отыр. Мұны жергілікті үкімет бүгін хабарлады. Оның дерегінше, машинист қатты жараланып қаза тапқан. Қалған жолаушыларды құтқаруға армияның жүздеген жауынгері жөнелтілді. «Белуджистанды азат ету армиясы» атты ұйымның мүшелері Белуджистан провинциясында ең алдымен рельстерді жарып, оқ атқан. Содан кейін олар вагондарға басып кірді. Қарулы топтың Пәкістан үкіметіне қойып отырған негізгі талабы – 48 сағаттың ішінде белуджистандық саяси тұтқындарды, белсенділерді және ізім-ғайым кеткен өзге де азаматтарды түрмелерден босату.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07
Көк базардағы құрылыс 2028 жылға дейін жалғасады
22.09.2026, 10:06
Ресейде көші-қон талаптары күшейді
22.09.2026, 10:05
Түркияда шетелдіктерге заңсыз азаматтық алуға көмектескен топ ұсталды
22.09.2026, 10:05
Егінге бөлінген 300 миллион теңге қолды болған
22.09.2026, 10:05
Жапонияда 2 миллионға жуық адам эвакуацияланады
22.09.2026, 10:04
Үкіметте жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту шаралары талқыланып жатыр
22.09.2026, 10:03
Бірнеше медиа ұйым Трамп әкімшілігіне қарсы сотқа шағым түсірмек
22.09.2026, 10:02