Қазақ саз өнерінің сайыпқыраны атанған Нұрғиса Тілендиевке – 100 жыл
Елордада атақты күйші, композитор, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай музыкалық кеш өтті. Шараға жиналған зиялы қауым композитордың өмірі мен шығармашылық жолы туралы ойларын ортаға салып, азаматтық келбеті, сазгерлік қасиеті жөнінде естеліктерін бөлісті.
Еске алу кешінде оқушылар Нұрғиса Атабайұлының әндерін шырқады. Ал кітапхана қызметкерлері «Нұрғиса Тілендиев - 100 жыл» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.
Айта кетейік, белгілі композитор 500-ден астам музыкалық төл туындының авторы, «Халық қаһарманы» орденінің иегері.
Бахытгүл Сынабаева, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының сектор жетекшісі:
Көрмеге 20-дан астам құжат қойдық. Композитордың 1970 жылы шыққан ноталары, фотоальбомдары, мерзімді басылымдарда жарияланған мағлұматтарымен оқырмандар таныса алады.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары – 2026»: Ел намысын 11 команда қорғайды
24.07.2026, 20:36
Тұңғыш драматург жайлы алғашқы жинақ шықты
24.07.2026, 20:34
Әскери дайындыққа арналған жаңа оқулықтар жарық көрді
24.07.2026, 20:31
Қызылорда облысының Шиелі ауданында жастар саябақты тазалап, игі іске жұмыла атсалысты
24.07.2026, 20:27
Алматы жетекші гастрономиялық орталықтардың біріне айналды
24.07.2026, 20:25
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадалардан 1 059 медаль жеңіп алды
24.07.2026, 20:22
Алматыда жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтті
24.07.2026, 20:19
Ресейде қор нарығы құлдырап, бағалы қағаздар құнсызданды
24.07.2026, 20:19