Қызылордада Арысқұм-Қызылқия өндірістік жолын су шайып кетті
Қызылорда облысында «Құмкөл» мұнай-газ кен орнындағы Арысқұм-Қызылқия өндірістік жолын қарғын су шайып кетті. Биыл өңірде қалың қар жауып, көктемгі жауын-шашынның салдарынан сай-сала суға толды.
Қыр беткейден аққан толассыз су мұнайшылар қатынайтын ішкі жолдың 15- шақырымын бұзып-жарып өткен. Қазіргі газ өндіретін кеніштерге қатынас қиындады. Айналаға жайылған судың екпіні қатты. Тіпті кен орнындағы жұмысшылардың қалашығына дейін жетіп, жолдың екі жағында су кілкіп тұр.
Айта кетейік, бірер күн бұрын қар мен жаңбыр суы Қармақшы ауданы Жосалы кентіне де еніп, халық біршама әбігерге түскен болатын.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13