Елордада «Салем, Астана!» мерекелік шара өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Салем, Астана!» мерекелік шара өтіп жатыр

06.07.2016
Елордада «Салем, Астана!» мерекелік шара өтіп жатыр

Дәл қазір қаланың барлық жерінде Астана  күніне арналған мерекелік шаралар өтіп жатыр. Ал Конгресс-холл жақтағы орталық  алаңда №1 музыкалық мектептің оқушылары мен ұстаздары ән мен жырды төгуде. Бірі бұралып, би билесе, енді бірі күмбірлеген күміс күймен көрерменді тебірентті. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан тыңдарман көптеп жиналып, мейрамды шаттанып қарсы алуда. Қала конақтары да Астананың 18-жылдық мерейтойында ән мен жырдан сусундап, мәз-мейрам.

 

Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу