Иә, кешеден бері әлеуметтік желіде желдей ескен видео көпшіліктің жүрегін елжіреткені рас. Бұл Халықаралық әйелдер күніне орай Мемлекет басшысының қатысумен өткен концертте өнер көрсеткен - Дінмұхаммед Боранбай. Әп сәтте жұлдызға айналған жас өнерпазбен әріптесім Асылбек Данияр тілдесіп қатты.
Он екі жастағы астаналық Дінмұхаммед үйдің еркесі, бес баланың кенжесі. Ол кішкентайынан өнерге әуес болған. Қазір домбыра, гитара мен фортепианоның құлағында ойнайды. Дінмұхаммед кеше Президенттің алдында бірінші рет өнер көрсетті. Сахнада ерекше тебіренді. Себебін, былай түсіндірді.
Дінмұхаммед Боранбай, оқушы:
Садраддинмен дайындалып, сахнаға шықтық қаншама күн. Сол жерде ән айтып... Мен өзім түсінбедім неге жылағанымды. Көзіме жас келе бастады, анамды сағындым. Сосын көзімді сүртіп, бәрі жақсы болды. Мен ол кезде тарап кетеді, маған біреу қарап отыр деп ойлаған жоқпын. Президенттің алдында ән айқан жақсы екен, маған ұнады.
Жүрекпен ән айтқан Дінмұхаммедтің шынайы эмоциясы миллиондаған жүректі тебірентті. Ал баласы үшін тақым қысқан ананың көңілін босатты.
Ақтоты Ахметова, Дінмұхаммедтің анасы:
Жұмыстан келсем: «Мама мен телевизорға түсіріп алды», дейді. Қуандым шын айтқанда. Өз-өзімді ұстай алмай қалдым. Шүкір... Мен бақытты анамын.
Дінмұхаммедтің әкесі де өнерден алыс емес. Айтуынша, талант қаннан берілген қасиет. Ата-бабалары да дәстүрлі әнші болған екен.
Қайрат Әмірғалиев, Дінмұхаммедтің әкесі:
Үш ұлым бар. Сол үшеуінің біреуін өнерге бергім келген. Алғашқы екеуінің реті келмеді. Осы кішкентай ұлымды музыка мектебіне бердік. «Бұлақ көрсең, көзін аш», - дейді. Баланы тәрбиелеп, қолдау білдіру керек.
Жас әнші Садраддиннің сүйемелдеуімен хорда ән айтқан Дінмұхаммедтің арманы….
Димаш Құдайберген ағаммен берге ән айтқым келеді.
Асылбек Данияр
