Боз кілемді бағындырған қайсар қыз
Қыз баласы нәзік жанды болса да, бойынан батырлық та, батылдық та табылады. Бұл дзюдодан спорт шебері Эльмира Сейфулгазинаның пікірі. Қарағандылық спортшы 15 жыл бойы ел намысын әлемдік додаларда қорғап, бүгінде шәкірт тәрбиелеуде. Саналы ғұмырын спортқа арнаған татами шеберімен Жандос Бақытұлы тілдесті.
Эльмира Сейфулгазина, облыстық жеңіл атлетика мектебі директорының орынбасары:
Дзюдо күресінен спорт шеберімін. Күреске 9 жасымда бардым. 4 сынып оқып жүрген кезімде мектепке тұла бойы батыр секілді азамат келді. Дзюдо күресіне шақырамыз, деді. Не екенін түсінбедім. Бірақ атауы ерекше болғандықтан барам, деп мақсат қойдым. 17 жасымда бірінші рет ересектер арасында Қазақстан чемпионатына қатыстым. Сол жерде 3-орын алып, спорт шебері атандым. Қарап отырсам, соңғы өткен жарысым Шыңжаң жерінде 2011 жылы болыпты. Ол кезде 26-да болдым.
Эльмира Сейфулгазина, облыстық жеңіл атлетика мектебі директорының орынбасары:
Қазір 16 баланы дайындап жатырмын. Ішінде ұлдар да, қыздар да бар. 6-10 жас аралығында. Бойымдағы бар тәжірбиені беруім керек деп ойлаймын. Біздің облыста әйел бапкерлер өте аз. Ал қыз бала көбінесе әйел бапкерге барғысы келеді. Спорт деген тек қана медаль мен жетістіктер емес, салауатты өмір салтын ұстану.
Эльмира Сейфулгазина, облыстық жеңіл атлетика мектебі директорының орынбасары:
Жолдасымда спорттан алыс емес. Ол мені осы жарыста көріп, ұнатып, сөз салып, шаңырақ көтердік. 2 қызымыз бар.
Эльмира Сейфулгазина, облыстық жеңіл атлетика мектебі директорының орынбасары:
Бос уақытымызда тоғызқұмалаққа қызығып, ойнаймыз. Қазіргі таңда облыстық жеңіл атлетика спорт мектебінің директор орынбасарымын. Спортшы болған соң бапкерді де спортшыны да түсіне аламын. Ақыл кеңесіммен бөлісемін. Нәзік жанды болса да батыр білекті жүректі қыздарды, аналарымызды, әжелерімізді келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтаймын.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары – 2026»: Ел намысын 11 команда қорғайды
24.07.2026, 17:22
Ел жаңалықтрына шолу
24.07.2026, 17:19
Әскери дайындыққа арналған жаңа оқулықтар жарық көрді
24.07.2026, 17:18
Шымкентте таудан аққан сел бірнеше көшені шайып кетті
24.07.2026, 17:15
Испанияда төтенше жағдай жарияланды
24.07.2026, 17:13
Орман өртеніп, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді
24.07.2026, 17:12
Ресейде қатерлі ісікке қарсы жаңа вакцина шығарылды
24.07.2026, 17:10
Халық денсаулығын қорғауға бағытталған кешенді шаралар қаралды
24.07.2026, 17:08