ЕуроОдақ Қазақстанмен ынтымақты арттырмақ
Еуропалық Одақ пен Қазақстан энергетика, көлік, экология саласында ынтымақты одан әрі күшейтпек. Брюссельде қос тараптың кіші комитетінің 8-отырысы өтті. ЕуроОдақ тоқты үнемдеу, энерготиімділікті арттыру, климаттың өзгеруімен күресте Қазақстанмен байланысты бекемдеуге бейім және энергияның баламалы көздерін дамытуда тәжірибесі мен технологиясын бөлісуге дайын. Басқосуда тараптар көлік инфрақұрылымын, көлік дәліздерін дамыту, логистикаға сандық технология енгізу мәселелерін де талқылады.
Ерлан Ақкенженов, Энергетика вице-министрі:
Баку – Тбилиси – Джейхан мұнай құбырына мұнайымызды тасымалдап, өткен жылда 1,1 млн тонна тасымалдау қамтамасыз еттік. Енді 2025 жылға біздің жоспарымыз 1,1 млн тонна, әрі қарай 2,2 млнға ұлғайту деген жоспарымыз бар.
Сирил Луазель, Еурокомиссияның халықаралық энергетикалық байланыстар жөніндегі маманы:
Қазақстан Еуропалық Одақтың энергетикалық қауіпсіздік және жасыл энергияға өту бойынша маңызды сенімді серіктесі. Басқосуда сутек, көміртекті азайту, уран өнімдері, мұнай жобаларын талқыладық. Қазақстанның атом электр станциясын салу бойынша референдум өткізгенін білеміз. Оның қауіпсіздігі тұрғысынан біз байланысты арттыра аламыз.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Инвестициялық қауіпсіздік деңгейі бойынша Қазақстан 150 мемлекеттің ішінде 53-орынға көтерілді
23.07.2026, 09:14
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16