Алматы облысында кәріз суы құйылатын тоған жарылып, үйлердің ауласын су басты
Алматы облысы Ұзынағаш ауылының тұрғындары кәріз суы жиналатын тоғанды елдімекен іргесінен көшіруді талап етіп отыр. Өйткені бүгін ең үлкен тоған жарылып, үйлердің ауласын лас су басты.
Мұндағы сүзгі алаңдары 1970 жылдары қазылған. Содан бері жөндеу көрмеген, арнасы да кеңейтілмеген. Тоғанға жыл бойы лас су төгіледі. Кәріз жүйесіне ауылдағы 30-ға жуық мемлекеттік нысан мен 1 500-ге жуық жеке тұрғын үй қосылған. Ауылдан небәрі 500 метр қашықтықта орналасқан тоған, жыл сайын көктемде жауын-шашын көбейіп, арнасынан асып кетеді. Ал жазда ауыл ішіне жайылған сасық иіске шыдау мүмкін емес, дейді ауыл жұрты.
Серғазы Хамза, ауыл тұрғыны:
Ішетін су да жоқ. Құдықтардың бәрін сасық су басып қалды. Қазір ішетін су жоқ. Бағана тексердік деп жатыр ғой. Тексерсе мұндай болмас еді ғой. Жер жібісе ертең тағы су басуы мүмкін.
Қайсар Әпсейітов, Жамбыл ауданы ТҮКШ инспекциясы бөлімінің басшысы:
6 мың текше метрдің судың 2 мыңы ақты деп есептеп отырмыз қазір. Барлығы тазаланды, әлі де жұмыс атқарылып жатыр. Бақылауда ұстаймыз. Алдымызда 2-3 күн жаңбыр келе жатыр дейді. Бізде тәулік бойы кезекшілік болады.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17