Алматы облысында кәріз тоғаны жарылып, көшелерді лас су басты
Алматы облысы Ұзынағаш ауылында кәріз суы құйылған тоған жарылып, ауыл көшелерімен қоса, үйлердің ауласын су басты.
Айдана Қуантхан, тілші:
Біз қазір оқиға орнына жеттік. Ауыл ішін сасық иіс алып кеткен. Шыдап тұру мүмкін емес. Себебі лас су жиналған тоған елдімекеннен небәрі 500 метр қашықтықта. Жалпы, мұнда 20-дан аса тоған бар, бүгін таңертен соның ең үлкені жарылыпты. Тұрғындар тағы екеуі ернеуінен асып тұр дейді. Оқиға таңертең сағат 08:30 шамасында болған. Тұрғындардың айтуынша, төтенше жағдай қызметкерлері шамамен 1 сағатта келген. Қазір тоғанның және аула аумағында жайылған лас суды тарту жұмыстары жүргізілуде. Оқиға орнында 60-тан аса адам, 10-ға жуық техника жұмыс істеп жатыр. Тұрғындар жыл сайын көктемде тоған ернеуінен асып толып, лас су көшелерге жайылса да, бассейндерді көшіру жұмыстары баяу жүріп жатыр деп наразы. Ал әкімдік 2026 жылы тоғандарды Ұзынағаш іргесінен көшіру жоспарда бар дейді.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17