Қытайдың  «CCTV» телеарнасы елімізде фильм түсірмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың  «CCTV» телеарнасы елімізде фильм түсірмек

03.11.2017

Қазақстандық көрермендерге жаңа фильм ұсынылмақ. Қытайдың «CCTV» телеарнасы елімізде  «Іле махаббаты» атты кино түсірмек. Осыған байланысты Қытай және Қазақстан кино өнерінің мамандары телеөнімді талқылауға жиналды.

Кездесуде көркем фильмнің келешегі жөнінде түрлі кеңес пен пікір айтылды. Туындының түсірілімі келер жылдың мамыр айына жоспарланып отыр. Режиссердің сөзінше, кинода жастар арасындағы сүйіспеншілік суреттеліп, ұлттық музыка өнері мейлінше дәріптеледі. Сондай-ақ, достық пен махаббат, адам бойындағы қайсарлық қасиеттері де фильм арқылы көрермендерге ой салмақ.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу