Костенко шахтасындағы жарылысқа қатысты сот отырысы басталды
Қарағандыда Костенко атындағы шахтада болған апатқа байланысты сот отырысы басталды. Шахтадағы жарылыс кезінде 46 кенші қаза тапқан болатын. Сот отырысы жайлы әріптесім Жандос Бақытұлы тарқатады.
Жандос Бақытұлы, тілші:
Костенко атындағы шахтадағы жарылысқа қатысты істі Бас прокуратура бір жылдан аса тергеді. 17 ақпан күні атышулы қылмыстық іс сотқа жолданды. Еске сала кетейін, екі жыл бұрын 28 қазанда «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына тиесілі шахтада жарылыс болып, 46 адам қаза тапты. Тағы 28 кенші жараланды. Осы аптақа кінәлі ретінде шахта басшылығы мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің қатарынан 10 адам қамауға алынды. Олар тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзды деп айыпталып отыр. Іс бойынша 74 адам жәбірленуші деп танылған. Бүгінгі сот отырысы 3 сағатқа созылды. Қорғаушылар соттан айыпталушыларды үй қамаққа жіберуін сұраған еді. Бірақ бұл өтініштері мақұлданбады. Келесі сот отырысы бір аптадан кейін өтеді. Егер күдіктілердің қылмысы дәлелденсе, 8 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарағанды облысында биыл 122 бала білім жүлделерін алған
08.09.2026, 13:24
Астанада жүзден аса жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салынды
08.09.2026, 13:21
Су ресурстарының ақпараттық жүйесін іске қосты
08.09.2026, 13:18
Босния-Герцеговинадағы өрт түтіні көрші елге жетті
08.09.2026, 13:15
Эйфель мұнарасын уақытша жапты
08.09.2026, 13:12
Ресейге баратын қазақстандықтарға қатаң талап қойылды
08.09.2026, 13:06
«Жібек жолы» кеден бекеті қазанда ашылады
08.09.2026, 13:03
Өнеркәсіп саласына 183 мың маман қажет
08.09.2026, 13:00