Мәдениетаралық диалогты нығайту жолындағы ассамблеяның рөлі талқыланды
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: Бірлік пен дамудың үш онжылдығы». Осындай тақырыппен бүгін Астанада халықаралық дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Ассамблеяның 30 жылдығына орай ұйымдастырылған. Жиынға елдегі этномәдени және жастар бірлестіктерінің басшылары мен мүшелері келді. Сондай-ақ жиынға халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Олар мәдениетаралық диалогты нығайту жолындағы Ассамблеяның рөлі талқылап, этнос және мәдени топтары арасындағы бейбітшілік туралы сөз қозғады.
Руфина Усанова, Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары:
Негізі Ассамблеяда түрлі жобалар бар. Оның ішінде қайырымдылыққа бағытталған шаралар бар. Мемлекеттік тілді дамытатын көп шараларды өткізіп жатырмыз. Ассамблея тек этностардың мәдениетін дамытатын ұйым емес. Қоғамда сондай бір пікір қалыптасқан. Ассамблея жалпы қазақстандық бірлік моделін насихаттайтын институт.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты ұстаным – прагматизм мен диалог»: Сарапшылар Қасым-Жомарт Тоқаевтың Берлиндегі мәлімдемесіне пікір білдірді
30.09.2026, 20:44
Еуропада жалған дәрі сататын онлайн дәріханалар көбейді
30.09.2026, 20:30
Азиада: Бүгін ел қоржынына 8 медаль түсті
30.09.2026, 20:29
Донорлық: Бүйректі ағзаның қабылдауын AI 33 секундта анықтайды
30.09.2026, 20:28
Көкшетауда 630 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы аяқталуға жақын
30.09.2026, 20:08
KTZ Express қазақстандық экспорттың логистикалық әлеуетін кеңейтіп жатыр
30.09.2026, 20:06
Түркістан облысының таулы аймақтарына 131 мыңнан астам турист келген
30.09.2026, 20:06
Қазақстан киберқылмысқа қарсы конвенцияға қосылды
30.09.2026, 20:05