Елімізде дарынды жастарға арналған ірі музыкалық тележобаға өтініш қабылдау басталды. «Zhuldyzdy zhol» деп аталатын жобаны Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырып отыр. Оған вокал, дәстүрлі және классикалық аспаптарда ойнай алатын 16 мен 21 жас аралығындағы жастар қатыса алады.
Алғашқы іріктеу кезеңі жобаның Instagram парақшасында онлайн өтеді. Одан соң сәуір айының басынан бастап өңірлерде кастингтер ұйымдастырылмақ.
Байқаудың негізгі бөлігі Алматы қаласында болады. Жеңімпаздар еліміздің және шетелдік үздік оқу орындарына оқуға түсуге мүмкіндік алады.
Оңғар Алпысбай
